11.11.2015, 11:07
Оқылды: 25

Несиесін малдың төлі есебінен төлемек

JAnibek nesieni tolden  Жәнібек ауданындағы Жақсыбай ауылының тұрғыны Әділбек Тілебалиев биыл аталмыш бағдарлама бойынша 2 миллион теңге несие алған. Ол әкесі жетекшілік ететін «Жақсылық» шаруа қожалығының мүшесі болып саналады. Бұрнағы жылдан бастап ауыз су құбырында жұмыс істеп, ауыл тұрғындарының мекенжайларын таза сумен қамтамасыз етіп тұрған Әділбек өткен жылы ауыз су құбырын жекешелендіріп алған. Тұрғындарды ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алу мақсатында «Ернұр» жеке кәсіпкерлігін ашыпты. Үстіміздегі жылғы жаз айында алған несиесіне ауылдағы жеке тұрғындардан 16 бас ірі қара сатып алған. Әрбіреуінің құны 125 мың теңге тұрады. Қазір оларды өздерінің  шаруа қожалығына қосып бағып отыр. Алдағы уақытта одан төл алып, мал басын көбейтпек.

-2017 жылдың ақпанынан бастап бережағымды төлеймін. Оған дейінгі уақыт аралығында несиеге алған малымды төлдетіп, өсіріп, сатуды жоспарлап отырмын. Несиені  сол малдың төлі арқылы өтеймін. Төлін тапсырғаннан кейін мал өзіме қалады. Қарапайым есепке сүйенсек, бағдарламаға сәйкес несие алып, оған мал саудалап, ұстаған жан ұтпаса, ұтылмайды,-дейді Әділбек өз сөзінде.

www.zhaikpress.kz

      "Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале