6.09.2016, 11:21
Оқылды: 29

«Нұр шуағына» жиһаз сыйға тартты

«Нұр шуағына» жиһаз сыйға тартты   Сырым ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды қанатының астына алып, қамқорлап отырған «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігіне Орал қаласының тұрғыны  Қайрат Қапашев Жоламанұлы демеушілік көрсетті. Қайрат Жоламанұлы мүмкіндігі шектеулі азамат Біржан Қожақов басшылық етіп отырған  Орал қаласындағы  «Ғибадат» ЖШС-нің мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан жиһазын  көтерме саудамен алып, өңірге таратып, мәрттік танытып жүр екен. Біздің ауданның балаларына  тіктеуіш пен  бейімдегіш орындық табыс етті.


  Жаңа жиһазға балалар да, «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбақша Ерғалиева да дән риза. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арман Баяндықов «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналары үшін алатын орнын ерекше  бағалады.

  Жомарттық танытқан Қайрат Жоламанұлы  бірлестікке үнемі қол ұшын созатынын білдірді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале