24.07.2015, 16:33
Оқылды: 29

Облыстық жарыс

Bokei 060  Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен Тасқала ауданында велосипед туризмі техникасынан «Күміс шабақ – 2015» облыстық жарысы өтті. Біздің орталығымыздың дене шынықтыру нұсқаушысы Айсара Таженованың жетекшілігімен қатысқан бөкейордалықтар да құр қол қайтпады.

14-16 жас аралығындағы жас туристер құрамында Думан Кәкесов, Бақытжан Әміржан, Айзат Үмбеталиева, Нұрсұлтан Сапаровтар велотуризмнің бірқатарынан бақ сынап, нәтижесінде Айзат «триал» қашықтығы бойынша қыздар арасында І, «мәнерлеп жүру» қашықтығы бойынша ІІ орынға табан тіреді. Ал,  «триал» қашықтығы бойынша ұлдар арасында Бақытжан ІІ орынды иеленді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале