25.08.2016, 21:08
Оқылды: 18

Облыстық мәслихат депутаты абаттандыру жұмысын қадағалады

Облыстық мәслихат депутаты абаттандыру жұмысын қадағалады   Зеленов ауданындағы Белес, Переметный округтерінің ауыл-аймақты абаттандыру, ауыл ішіндегі тазалық жұмыстарын облыстық мәслихат депутаты Ляна Тұрсынова, облыстық ішкі істер бөлімі қызметкерлері, аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Баубек Керешев қадағалап шықты.


   1 қыркүйектен бастап республикалық «Учаске» акциясы басталып 3 айға жалғасатын болады. Бұл кезде полицейлер дүкен, мемлекеттік мекемелердің айналасын бақылап, тәртіп бұзылған жағдайда тиісті шара қолданатын болады. Ал егер, бір жыл ішінде екі рет заң бұзылып, абаттандыру жұмысы сақталмаса мүлік иесіне заңға сәйкес айыппұл салынбақ.

«Ауыл тынысы»

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале