8.09.2016, 11:07
Оқылды: 32

Облысымыздағы азық-түлік тауарларының баға индексі

azik-tylik  Батыс Қазақстан облысы бойынша үстіміздегі жылғы қаңтар-тамызда азық-түлік тауарларының баға индексі 105% құраған. Бұл алкогольді ішімдіктер бағасының - 3,8%-ға, кондитер өнімдері - 5,3%-ға, ұн - 6,6%-ға, сиыр еті - 7,4%-ға, май және тоң май - 9,8%-ға, алкогольсіз ішімдіктер - 12,2%-ға, нан - 23,1%-ға, жармалар - 25,9%-ға, құмшекер - 33,8%-ға өсуімен белгіленген. Темекі өнімдері 6,1%-ға қымбаттады.


   Тәтті бұрыш бағасы 22,5%-ға, қызанақ және қияр бағалары сәйкесінше 75,8%-ға және 56,1%-ға арзандаған деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

2016ж. азық-түлік тауарларының орташа бағалары

кг, литр, ондық теңгемен

 

 

Қаңтар

Наурыз Маусым Шілде Тамыз Анықтамалылығы: 2015ж.
21 тамыздағы
Күріш 292 293 296 296 296 245
Жоғары сұрыпты бидай ұны 133 133 133 133 133 114
Бірінші сұрыпты бидай ұны 78 90 90 90 94 61
Сиырдың жауырын-төс бөлігі 978 1 100 1 120 1 120 1 120 978
Қой еті 1 000 1 000 1 020 1 020 1 020 1 000
Шошқаның жауырыны 977 977 977 977 977 977
Жаңа ауланған балық 489 489 489 509 509 415
Шикі сүт 161 161 161 161 161 145
Пастерленген сүт 200 200 204 204 204 193
Айран 270 270 274 274 274 265
Қаймақ 933 933 933 933 933 820
Сары май 1 770 1 770 1 884 1 884 1 884 1 530
Күнбағыс майы 370 388 405 415 415 275
Сүзбе 1 100 1 120 1 120 1 120 1 120 1 035
Жұмыртқа 250 240 189 200 200 148
Құмшекер 215 229 237 275 274 160
Алма 300 300 300 300 289 231
Ақ қауанды қырыққабат 85 90 70 75 84 74
Басты пияз 78 78 100 100 90 80
Қызылша 93 93 115 122 100 105
Сәбіз 96 96 130 140 110 100

Картоп

75 75 75 100 77

68

   Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда облыста ең төмен бағалар бірінші сұрыпты бидай ұны, қара бидай-бидай наны, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан, қысқа түтік кеспе, кеспе, қой еті, жылқы еті, тауық еті, тоңазытылған басы жоқ балық, жеңсік емес тағам балық консервілері, қияр, картоп, алма, жеміс-жидек карамелі, шоколадпен глазурленбеген кәмпиттер, қантты печеньелер, пряниктер, маргарин, тұз, ашытқы, кептірілген өрікке түзілді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале