18.12.2015, 18:15
Оқылды: 18

Облысымызда желтоқсанның 19-20 күндері тәулік бойы бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болады

Kazmeteo    «Қазгидромет» РМК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының 2015 жылғы 18 желтоқсанындағы мәліметі бойынша 19 желтоқсанда күндіз, 20 желтоқсанда тәулік бойы Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, 20 желтоқсанда кей жерлерде көктайғақ болады.


Орал қаласында 19 желтоқсан күндіз, 20 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді.

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.

ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтіріліп, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлауын сұрайды; 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале