20.05.2015, 17:24
Оқылды: 19

Облысымызда мал азықтық дақылдарды егу жоспарлы тапсырма әзірге 22,4 пайызға орындалған

A

Мал азықтық дақылдардың егілу қарқынына тоқталсақ, облыс бойынша 68,77 мың гектардың 15,40 мың гектары егіліп, жоспарлы тапсырма әзірге 22,4 пайызға орындалған. Бұл көрсеткіш аудандар бойынша Бөрліде 44,1 пайызды, Сырымда 39,6 пайызды, Теректіде 33,8 пайызды, Шыңғырлауда 30,6 пайызды құрады. Көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда.

-       Көктемгі далалық жұмыстарға облыстың барлық ауданы белсенділікпен қатысуда. Агрегаттар, жалпы жоспарланған техниканың қатысуы жаман емес. Тек жиі-жиі жауған жаңбыр егіс жұмыстарына кедергі келтіруде. Биылғы егін егу науқаны мамырдың басында басталды. Ауа райының реңі ашық болса, егін егуді мамырдың 25-іне қарай аяқтаймыз деп отырмыз, - деді облыстық ауыл шаруашлығы басқармасының бас маманы Аманбай Отарбаев.

Өңір диқандары биыл егіннің шығымы мол болады деп үміттеніп отыр.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале