24.02.2016, 12:26
Оқылды: 24

Облысымызда 768 мәдениет нысаны халыққа қызмет көрсетуде

 received_884354491682113   Мәдениетті дамыту, қоғамның рухани дамуын арттыру өте маңызды.

Облыста 768мәдениет және өнер нысаны халыққа қызмет көрсетеді. 2015 жылы саланы қаржыландыру көлемі 4,9 млрд. теңгені құрады.


2015 жылы Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы іске қосылды, бұл орталық әдебиет, әуен, мұражай, кітапхана, көрме, концерт, білім беру, шығармашылық, клуб қызметтері сияқты мәдениет пен өнердің бірнеше бағыттарын қамтамасыз ететін көп функционалды кешен болып табылады.

Орал қаласында облыстық Достық үйінің құрылысы аяқталды. Достық үйі ғимаратында барлық этномәдени орталықтары орналасатын болады. Достық үйінің басты бағыты – халықтардың мәдениетін, салт-дәстүрін және ана тілдерін дамыту болып табылады.

4 аудандық Достық үйлеріне күрделі жөндеу жүргізілді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале