5.01.2016, 13:28
Оқылды: 14

Облысымыз электр энергиясына тәуелділіктен арылады - Н.Ноғаев

Akim songisi01   АСТАНА. ҚазАқпарат.  Биыл Батыс Қазақстан облысы электр энергиясына тәуелділіктен арылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.


«Наурыз-сәуір айларында Қарашығанақтағы істен шыққан трасформаторды жөндеу жұмыстары аяқталады. Соны іске қосып, Қарашығанақтан электр энергиясын алатын боламыз. 100 Мвт-тық бірінші кезеңі іске қосылған электр стансасы да жұмыс істей бастайтын болады. Осылайша, (өңірдің) энергетикалық тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі», - деді Н.Ноғаев.

Сонымен қатар өңір басшысы облысқа қарасты ауылдарда жарықтың болмай қалатындығына қатысты да түсінік берді. Оның айтуынша, ауылдарға электр энергииясының берілмей қалуы табиғи себептерге байланысты.

«Күні жылы болып тұрып, аяқ астынан аяз буады. Немесе аязды күні ауа райы күрт жылынып кетеді. Соның салдарынан бармақтай ғана электр сымын мұз құрсаулайды да темір-бетон бағандар сынып жатады. Оның алдын алу қиын. Бір амалы бағандардың арасын жақындату. Қазіргі уақытта салынып жатқан бағандар осы жайт ескеріліп орнатылуда», - деді әкім.

   www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале