24.12.2015, 12:27
Оқылды: 17

Облыс әкімдігінде мемлекеттік тіл мәселесі қаралды

 Til01   Облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен, «Тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру» жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали, ақын Ақұштап Бақтыгереева, облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында облысымыздағы мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайту, сала басшыларының мемлекеттік тілде іс жүргізу, мемлекеттік тілде сөйлеу, барлық мекемелердің, кеңселердің мемлекеттік тілде сөйлеуін жолға қою, тиімді тіл саясатын іске асыру, тіл заңнамасын сақтау туралы мәселелер қаралды.

Сондай-ақ Бөрлі, Тасқала аудандарындағы және БҚО облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасындағы тілдік ахуал мәселесі де сөз болды.

www.zhaikpress.kz

Ә.Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале