14.07.2016, 20:51
Оқылды: 25

Облыс әкімі Зеленов ауданындағы шаруа қожалықтарын аралады

123332122   Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Зеленов ауданында болды. Өңір басшысы алдымен Орал-Кирсанов бағытындағы жол жөндеу жұмысмен танысты. Ұзындығы 48 шақырымды құрайтын жол жөндеу жұмысына 2 млрд. 290 253 теңге қаражат бөлінген.

   Өткен жылы жолдың 11 шақырымы жөнделсе, осы жылы 22 шақырым, келесі жылы 15 шақырымы жөндеуден өтпек. Жол жөндеу жұмысымен танысқан облыс әкімі жұмыстың сапалы және уақытылы орындалуын тапсырды.


   Сонымен қатар облыс әкімі аудандағы егін және мал шаруашылығымен айналысатын бір қатар шаруа қожалықтарын аралады. Дариян ауылдық округіне қарасты "Азамат" шаруа қожалығында болып, күздік бидайды ору жұмысымен танысты. Ғалым Наурызбаев жетекшілік ететін қожалық егін шаруашылығы мен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. Бүгінгі таңда шаруалар 250 га жерге егілген күздік бидайға орақ салған. Биылғы жылдың ауа-райы егін шаруашылығы үшін өте қолайлы болғандықтан егіннен түскен өнімде мол.

   Сондай-ақ өңір басшысы осы ауылдық округіне қарасты "Матевосян" шаруа қожалығының күздік егіс алқабымен танысты. Шаруа қожалықтың негізгі кәсібі егін шаруашылығы. Қожалық меншігінде 7662 гектар егістік жер бар. Қожалық қарауындағы ауыл шаруашылық техникаларында, егін ору науқанында отыздан астам адам жұмыс істейді. Шаруа қожалық иелерінің айтуынша көктемгі уақытта жауын-шашынның мол болуынан биылғы егіс бітік шыққан. Мол өнімді ысырапсыз жинап алуға шаруалар бар күштерін жұмсауда.

   Мол шыққан егістікті оруға 9 комбайн түскен. Барлығы 6 мың гектар күздіктің бүгінгі таңда 2 мың га орылған. Қалғанын 10 күн ішінде жинап алмақшы. Егіс басында болған Алтай Көлгінов комбайын тізгініне өзі отырып, егін ору жұмысына ат салысты. Комбайн рөліне отырған өңір басшысы 1,5 шақырым егіс алқабымен жүріп өтіп, бір бункер, яғни 48 центнер бидай жинады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале