9.02.2016, 15:51
Оқылды: 19

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Сырым аудандық мәдениет үйінің фойесіндегі көрмемен танысты

Sirim foye kormesi   Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аудандық мәдениет үйінің фойесіндегі көрмемен танысты. Бұл көрмеде Аралтөбе ауылдық округіндегі арнайы киімдер мен аяқ киімдер тігіп, ат әбзелдерін дайындайтын «Әсем» ательесінің өнімдері, Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығының жанындағы қолөнер үйірмесі мен робототехника үйірмесінің туындылары көрсетілді.


Сырым ауданындағы ауылдық округ әкімдері облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Туған жерге тағзым!» акциясының аясында атқарылатын нақты жұмыстарының жоспарларын таныстырды. Байқағанымыз, әрбір округ өзіндік ұмтылысын қалыптастырған, өзіндік басым бағдарын белгілеп алған. Таныстарған жұмыстары да көрер көзге керемет – ақ. Бірінде спорт алаңы салынбақ, бір округте саябақ қалпына келтірілмек, ал енді кейбір округтер жылыжайды қолға алса, кейбірі мал бордақылайтын алаң салуды жоспарлауда. Бәрі де инвесорлардың, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен әрине. Түсінсек, айналамыздағы ауылдарға еліне елеңдеген, ауылына алаңдаған азаматтар арқылы түлейтін, жаңаратын дәурен келе жатырған сыңайлы.

Ауылдық округ әкімдерімен бөлек мәжіліс жасаған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ауылдық жерлерге жастарды тұрақтандыру, жергілікті мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы жөнінен халықты түсінікте ұстау жөнінде тапсырмалар берді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале