10.02.2016, 11:59
Оқылды: 23

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Тасқалада

????????????????????????????????????

   Бүгін Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиевтің  халық алдындағы есеп беру кездесуі өтуде. Кездесуге облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен облыстық  мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар қатысуда.


Алдымен облыстан келген қонақтар аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Аталмыш көрмеде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша несие алып, өз ісімен шұғылданып жүрген кәсіпкерлердің өнімдері және өнертапқыштықпен айналысып жүрген балғын робототехниктердің жұмыстары қойылған болатын. Облыс басшысы кәсіпкерлердің өнімдерін тамашалап, жұмыстарымен танысты.  Әсіресе, жаздан бастап шығарылғалы тұрған «керамзитбетон» кірпіші келген қонақтарды таңданыссыз қалдырмады. Кереметі де сол бұндай өнім елімізде әлі шығарылмайды екен. – Бұл кірпішпен жұмыс жасау ыңғайлы әрі арзан. Салынған ғимараттың сыртын да бөлек  материалмен әрлеудің қажеттілігі жоқ. Бәрі өзінде», - деді кірпіш құрылымымен таныстырған А. Сүндетбаев. Сонымен қатар Нұрлан Асқарұлы  етікші С.Шотановтың да еңбегіне оң баға берді.

www.zhaikpress.kz

   Рауан ТАҢАТЖАНҰЛЫ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале