6.06.2016, 21:57
Оқылды: 26

Олимпиада үміткерлерімен кездесті

 Akim kabildauu02    Облыс әкімі Алтай Көлгінов Бразилия елінің Рио-де-Жанейро қаласында өтетін олимпиада ойындарында спорттың байдарка және каноэ есу түрлерінен ел намысын қорғайтын өңір спортшылары Алексей Дергунов пен Андрей Ергучевты қабылдады.


   - Біздің өңірдің спортшылары осындай үлкен додаға қатысып, ел намысын қорғау мүмкіндігін жеңіп алғанына қуаныштымыз. Соңғы уақытта спортшыларымыздың үлкен жарыстарда жеңіс тұғырынан табылып, биік белестерді бағындыруларына елімізде барлық жағдай жасалуда. Сондықтан барлық елдің және батысқазақстандықтардың атынан сіздерге сәттілік пен жеңіс тілеймін, - деді өңір басшысы.

     Спортшылар өздеріне артылғалы отырған үміт пен сенімді ақтап, еліміздің көк байрағын жеңіс тұғырынан желбіретуге бар күш-жігерлерін жұмсайтындықтарын жеткізді.

      Бұл кездесуге спортшылардың жаттықтырушысы Александр Акунишников те қатысты.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек  ОРАЗАЕВ

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале