8.06.2016, 13:44
Оқылды: 41

Оралдағы атыс туралы ақпарат расталмады

 

whatsApp1Бұл туралы БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Олардың айтуынша, әлеуметтік желілер, соның ішінде «Whats App», «Viber» мессенджерлері арқылы Орал қаласының түрлі бөліктерінде атыс жағдайы орын алғаны туралы хабарлама таратылған болатын, алайда бұл ақпарат расталмай отыр. Бұл бағытта БҚО ІІО кезекші бөліміне ақпарат келіп түскен жоқ.


Мұндай бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат таратқан тұлғалар ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөліміне сәйкес (Көрінеу жалған ақпарат тарату) жауапкершілікке тартылатын болады.

Осыған байланысты құрметті облыс және қала тұрғындары үрейге салынбай, мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын басшылыққа алуды сұраймыз.

Егер күдікті жағдайларға қатысты қандай да бір ақпарат болған жағдайда дереу 102 немесе 98-45-50 телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Облысымызда жедел жағдай тұрақты, құқық қорғау және арнайы органдардың бақылауына алынды.

Ақтөбе қаласындағы соңғы жаңалықтарға байланысты республиканың барлық аумағында тұрақты «сары» террорлық қауіптілік деңгейі жарияланған болатын.

Орал гарнизонының жеке құрамы күшейтілген қызмет жүйесіне ауысты, террорлық қатынасқа негіз болатын және адамдар көп шоғырланатын жерлер ерекше бақылауға алынды.

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале