12.04.2016, 17:25
Оқылды: 25

Оралда жаңа бассейн салынады - БҚО әкімі

 Kulginov (2)     Орал қаласында жаңа бассейн салу көзделуде. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.


     Оның айтуынша, өңірде спортпен айналысушылардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Осы бағытта көктем мен жазда веложорық, қыста жаппай шаңғы тебу сияқты бұқаралық шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Соңғы кезде спорт нысандары қаламен қатар аудандарда да бой көтеруде. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-тілегін ескере отырып, жаңа ғимараттар да салынады. Мысалы, облыс орталығында бір бассейн аздық етеді. Кәсіби спортшылар мен тұрғындар өз алдына, мұндай спорт нысандары, әсіресе, жас жеткіншектердің спортпен айналысып, дендері сау болып өсуі үшін керек.

      «Екінші мәселе футбол жөнінде. «Ақжайық» футбол клубының бюджеті республика бойынша ең төмен болып есептеледі. Соған қарамастан, нәтиже жаман емес. Өткен жылы бірінші лига жеңімпазы атанған «Ақжайық» биыл премьер-лигада ойнап жүр. Клубқа қаржылай қолдау көрсетілетін болады. Футболшылардың қысы-жазы жаттығып, шеберліктерін шыңдауы үшін, әрине, жабық спорт алаңы керек. Бұл нысан қаржы мүмкіндігіне қарай келешекте қолға алынатын болады», - деді әкім.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале