8.10.2016, 16:43
Оқылды: 49

Оралда Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай 250 түп ағаш отырғызылды (ФОТО)

received_10207434932443905Бүгін Орал қаласында ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген көгалдандыру акциясының аясында Достық үйінің жанында жəне 7-ші ықшамаудандағы жаңа алаңда 250-ден астам ағаш отырғызылды.


Көшеттерді отырғызуға облыстың барлық этномəдени бірлестіктерінің өкілдері, ардагерлер, жастар, мекемелер мен кəсіпорындардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
screenshot_2016-10-08-14-37-02-1- Орал қаласының ежелден жасыл желек жамылған шаһар екені белгілі. Қаланы одан əрі көркейте түсу үшін біз бүгін жұдырықтай жұмылып, тал-терек егу шарасына қатысудамыз. Өңірдегі барлық ұлттың басын қосып отырған ортақ шаңырағымыз - Достық үйінің айналасы көктемде көк желекке малынып, құлпыра түсуі үшін көшеттерді отырғызуға шықтық, - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, "Вайнах" шешен-ұңғыш этномəдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов.
received_10207434932603909"Жайық Таза қала" ЖШС басшысының орынбасары Əбілқайыр Əмірбаевтың айтуынша, бұл күні жаңа алаңда 98 жалпақ жапырақты ағаштың көшеті, Достық үйінің айналасына 45 шырша ағашы, басқа да тал-теректер - барлығы 250 шақты көшет отырғызылу көзделуде.
Дəл осы күні Орал қаласына келіп кеткен "Экспедиция-25" тобының мүшелері де акцияға үн қосты. Айта кетейік, құрамына Қазақстанның əр өңірінен журналистер мен блогерлер енген бұл экспедиция Тəуелсіздік тойына орай Елордамыз - Астана қаласынан аттанған болатын.
Қала тұрғындарымен бірге көгалдандыру шарасына қатысқан облыс басшысы Алтай Көлгінов экспедиция мүшелерімен емен-жарқын əңгімелесті.
received_10207434931803889– Орал қаласына сапарларыңызды көгалдандыру акциясынан бастағандарыңыз тегін емес. Өйткені бұл шара да еліміздің Тəуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойына арналған болатын. Қазақстанның басты байлығы - оның тəуелсіздігі мен ынтымағы жарасқан халқы. Бүгінгі шараға да əр ұлттың жəне бірнеше буынның өкілдерінің қатысуы өңіріміздегі ұрпақ сабақтастығын паш еткендей.
Акция аясында отырғызылған ағаштар шаһар тұрғындары үшін Тəуелсіздік тойына арналған тамаша тарту болмақ, - деді Алтай Көлгінов.
Айта кетейік, облыстағы күзгі абаттандыру айлығы аясында 50 мың ағаш отырғызылады деп жоспарлануда. Олардың 47 мыңы табиғи дуалды құрамақ.

Наталья ГОРОХОВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале