18.09.2015, 21:10
Оқылды: 29

Оралда үстел теннисінен турнир өтті

Tennis   Ел намысы саналатын саланың бірі – спорт. Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы дәстүрлі жолдауында 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға дейін жоғарылатуды тапсырған болатын.

Осы мақсатта Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы еңбек ұжымдарындағы жұмысшы жастар мен студенттер арасында үстел теннисінен турнир өткізді.

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Кенесары Бекболатұлы турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған турнирге қаламыздан «Банк Центр Кредит», «Батыс Қазақстан Электр Тораптарын Тарату Компаниясы» АҚ («ЗапКазРЭК» АҚ), «ГазТехСервис» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «ХҚКО» РМК БҚО бойынша филиалының Орал қалалық №1 және №2 бөлімшелері, «ForteBank» АҚ Орал қаласы филиалы мекемелері және студенттер қатысты.
Турнир, қатысушы жастар арасында өте тартысты өтті. Қорытындылай келе, қыздар арасында үздік үштікті Убайдоллаева Айгерім есімді студент түйіндесе, жүлделі екінші орынды Бисенғали Аяжан иеленіп, мәртебелі бірінші орынға «Батыс Қазақстан Электр Тораптарын Тарату Компаниясы» АҚ («ЗапКазРЭК» АҚ) жұмысшысы Казбаева Лейля жайғасты.

Ерлер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша «БатысҚазақстан Электр Тораптарын Тарату Компаниясы» АҚ («ЗапКазРЭК» АҚ) жұмысшысы Сүндетов Алтынбек үздік үштікке жайғасса, жүлделі екінші орынды Жұматаев Нұрәлі есімді студент иеленіп, мәртебелі бірінші орынды Набиев Асылбек түйіндеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале