6.12.2015, 16:40
Оқылды: 32

Орал студенттер Альянсы қайырымды жандарға арнап үндеу жариялады.

Kayirimdilik sharasi 02   «Қайырымдылық - жылы жүректен» атты қайырымдылық концертінен соң Орал студенттер Альянсының көшбасшысы Арман Ізімғалиев қайырымды жандарға арнап төмендегідей үндеу жариялады.


 

Махамбет атындағы БҚМУ студенті Бегімай Хайнуллаева Ардаққызына біз бен сіздің көмегіміз аса қажет. 1996 жылы дүниеге келген Бегімайға тумысынан микротия диагнозы қойылған. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ҚР азаматтарын шетелге емделуге жіберу жөніндегі комиссиясының ұйғаруымен Бегімай Хайнуллаеваны Индияның «Фортис Мемориал Ресерч Институт» клиникасына кезектен тыс емделуге оң шешім қабылданды. Ем-дом қаражатының жетпіс пайызын еліміздің денсаулық сақтау министрлігі бөліп отыр. Қалған отыз пайыз, яғни бес миллион теңге көлеміндегі қаражатты Бегімай мен оның ата-анасы жаны жайсаң, мейірбан БҚО халқынан сұрайды. Құрметті жерлестер, Бегімайдың сауығуына титімдей болса да көмек беруден аянып қалмаңыздар!

Бегімайдың есепшоты KZ 866010002006129692

Құрметпен БҚО жастары

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале