8.06.2016, 10:19
Оқылды: 30

Орал қаласының 37 жастағы тұрғыны бомба жару туралы жалған қоңырау шалған

bomba2016 жылғы 7 маусымда БҚО ІІД «102» телефонына террористік сипаттағы анонимдік қоңырау соғылды. Белгісіз ер адам бомба жару ойы бар екенін жеткізді.


Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қысқа мерзімде қаскүнемнің жеке тұлғасын және орналасқан жерін анықтады. Ол уақытша жұмыс істемейтін, бұдан бұрын сотталған, 1979 жылы дүниеге келген азамат С., ол тұтқынға алу кезінде алкогольдік мас күйінде болды.

Азамат С. уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша – (Терроризм актiсi туралы жалған хабарлама таратқаны үшін) қылмыстық іс қозғау туралы мәселесі шешілуде, ол алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Осыған байланысты қылмыстық жаупкершілікке әкеліп соғатын ойластырылмаған іс-әрекеттен алдын ала ескертеміз.

www.zhaikpress.kz

Батыс Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале