1.09.2015, 11:34
Оқылды: 62

Орал қаласы Зашаған кентінде жаңа мектеп бой көтерді


11940302_873730609381618_958354890_nБілім күні мерекесіне орай Орал қаласы Зашаған кентінде жаңадан бой көтерген №47 жалпы білім беретін орта мектеп шәкірттеріне құшағын айқара ашты. Білім ошағының ашылу салтанатына қатысқан БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев оқушылар мен ұстаздарды жаңа мектепте қарсы алғалы отырған алғашқы оқу жылының басталуымен құттықтады.

11950842_873731456048200_1234490312_n- Биылғы оқу жылында облыс бойынша бес жаңа мектеп пайдалануға берілуде. Оның үшеуі күрделі жөндеуден өткен апатты жағдайдағы білім ошақтары болса, енді бірі - Жаңақала ауданында салынған 600 орындық мектеп пен 100 кереуеттік интернат.

Ал бүгін Зашаған кенті тұрғындарының игілігіне ұсынылып отырған 1200 оқушыға есептелген жаңа да сәулетті мектепте балалардың білім алуына, спортпен айналысуына, жаңа технологияны игеруіне барлық жағдай жасалған, - дей келе, Нұрлан Асқарұлы 28 орындық смарт-кабинетті тарту етті.

11940142_873731432714869_896202339_nМектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып бүлдіршіндерінің таңдайлары тақылдап, мәнерлеп айтып шыққан тақпақтары да, ардагер ұстаз М.Т. Әженованың ақ тілегі де бүгінгі мерекемен үндесіп жатты.

Жаңа ғимарат құрылысының мердігері – «Альтаир» ЖШС бас директоры С.А. Потиченко символикалық кілтті салтанатты түрде мектеп директорының міндетін атқарушы К.М. Мусинаға табыс етті.

Шәкірттерді білім әлеміне шақыратын дәстүрлі алғашқы қоңырау қағылып, салтанатты шара аяқталған соң, білім ошағының лентасын қию құрметі өңір басшысы Н.Ноғаев пен ардагер ұстаз М.Әженоваға берілді.

11944811_873730652714947_1851873621_nШараға жиналған оқушылар мен ұстаздар, мәртебелі қонақтар жаңа мектептің ішін аралап көрді.

Бірінші сыныпта өткізілген алғашқы тәрбие сағатына қатысқан Нұрлан Асқарұлы бүлдіршіндерге Елбасының сыйлығы – «Менің Отаным -Қазақстан» кітабын салтанатты түрде табыс етті.

Сыңғырлаған су жаңа ғимаратта 60 пәндік оқу кабинеті, 28 орындық смарт- кабинет, зертхана бөлмелері, кітапхана, спорт залы, 400 орындық мәжіліс залы, 396 орындық кең асхана, көрме залы, медициналық, стоматологиялық, логопедтік, психологиялық және физиокабинеттер балалар 11949728_873730976048248_1900338840_nигілігіне қызмет етпек.

Биылғы оқу жылында жаңа мектептің табалдырығын 1100 оқушы аттаса, олардың 225-і - бірінші сынып бүлдіршіндері болса, 50-і – 11 сынып түлектері.

Айта кетейік, 2014 жылдың ақпан айында басталып, республикалық бюджет есебінен жүргізілген мектеп құрылысына 1,3 млрд.теңге жұмсалған.

Айгүл Ахметова

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале