23.06.2016, 17:28
Оқылды: 15

Отандық телехабардың тиімділігі мол

????????????????????????????????????

Зеленов ауданы орталығында Қазтелерадио БҚО филиалы АҚ директорының орынбасары Нұрлан Қадыров және бас маманы Гүлжанат Ғабдолова болып, Kaz-Sat-3 жер серігі және спутниктік отау телевидениесі жайлы сөз қозғады.


Нұрлан Қуанғалиұлы  жаңа жерсеріктің артықшылықтарына тоқталды:

-«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы телерадио хабарын тарататын цифрлық эфирді жүзеге асырады. Ал 2011 жылы «отау-тв» тележелісінің қосылуы ұлттық телехабардың цифрлік технологияға көшуінің алғашқы сатысы ғана болатын. Оның басты мақсаты қала да, ауылда да теңдей ақпарат тарату. Қазақстанның кез келген территориясында жерсеріктік желі 100 пайыз ұстайды. Қазіргі кезде халыққа цифрлық артықшылықтарды түсіну үшін уақыт керек. Дегенмен цифрлық хабар тарату сигналының болашағы зор. Содай-ақ отандық телехабардың  Kaz-Sat-3 жерсерігне көшуіде маңызды. Қазақстандық Kaz-Sat-3 жерсерігіне көшкенде біздің отау-тв жерсеріктік телевизия абоненттері қосымша SD арналарды цифрлық сапада көре алады.

Бұл басқосуға қатысқан бір топ жерлестеріміз отандық отау-тв телехабарының желісі жиі ұстамай қалатынан айтып шағымданды. Жылдамдығы мен көрсету сапасы да төмен болатындығы жөнінде сөз қозғады.

Жиынға қатысушылар мазалаған сұрақтарын қойып, жерсерік жөніде ойларын ортаға салды.

www.zhaikpress.kz
Д.БЕРІШ
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале