12.05.2016, 10:09
Оқылды: 20

Отбасының мазасын алып, қамаққа алынды

sot balga    Қаратөбе аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушы З-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.


     Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы З. отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, ағымдағы жылдың 20 сәуір күні сағат 12.20-лар шамасында алкогольдік масаң күйінде анасы И-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, тиiсіп отбасының тыныштығын бұзған.

    Сот қаулысымен құқық бұзушы З. әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жеті  тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, - дейді сот залынан Қаратөбе аудандық сотының бас маманы Самалгүл Жұмағалиева.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале