4.03.2016, 11:19
Оқылды: 37

Пара алған полиция қызметкеріне айыппұл салынып, мүлкі тәркіленді

Symbol of law and justice in the empty courtroom, law and justice concept.

 Орал қалалық сотының үкімімен С.Жандауов ҚР ҚК 366-бабы 2-бөліміне (заңсыз әрекеттері үшін пара алу) сәйкес айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге параның алпыс еселенген мөлшерінде 300 мың теңге айыппұл салынды.


БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сонымен қатар С.Жандауов өмір бойына жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан және полиция майоры шенінен айырылды.

С.Жандауов БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының инспекторы бола жүріп, әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін Ж.Бақтығалиев деген азаматтан 5 мың теңге көлемінде пара алған.

Сот талқысы барысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот үкім шығарған кезде сотталушы қылмысының ауырлығын, сонымен қатар оның өз айыбын мойындағанын, кәмелетке толмаған үш баласы бар екендігін ескерді.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале