19.11.2015, 10:35
Оқылды: 20

Ресейлік азамат облысымыздың екі тұрғынының сеніміне кіріп, көлемді ақшаларын банк арқылы өзіне аударып алған

 

2

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметі Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің тұрғыны, 24 жасар алаяқты құрықтау бойынша іздеу шараларын жүргізуде. Ол облысымыздың екі тұрғынының сеніміне кіре отырып, жалпы 37 мың 300 рубль көлемінде ақшаларын банк арқылы өзіне аударып алған.

Істің мән-жайы былай өрбіген: аталған екі жәбірленуші жігіттер ағымдағы жылдың тамыз, қыркүйек айларында автокөліктің құрал-саймандарына тапсырыс береді. Алайда берген тауарлары келмейді. Тіпті тапсырысты жеткіземін деп уәде еткен жас жігіттің өзі із-түссіз жоғалады.  Содан алаяқтың сан соқтырып кеткенін сезген жәбірленушілер полицияға хабарласуға мәжбүр болды.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале