18.11.2015, 15:03
Оқылды: 25

Республикалық бюджет шығыстары тағы да қысқартылуы мүмкін - Н.Назарбаев

NAzarbayev biudjet   Республикалық бюджет шығыстары тағы да қысқартылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан  ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.


«Біздің адамдарымыз жақсы уақытта еркін өмір сүріп үйреніп қалды, Үкімет те.  Бүгін мен: «Бюджетті ұсынып жатырсыңдар, мемлекеттік шығыстар қанша теңгеге қысқартылды?» деп сұрадым.  Маған 1,5 трлн. теңгенің қысқартылғанын айтты. Мемлекеттік шығыстар 1,5 трлн. теңгеге қысқартылып отыр. Қараңыздар, біздің қалай шығындағанымызды. Бұл ретте ештеңе де орын алмайды. Тағы да нені  қысқартуға болатынын ойластыру керек шығар. Әрине, қажет болса», - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар Елбасы бұл жайтқа қарамастан Үкіметтің халық алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындайтындығын баса айтты. «Міне, бұл өте маңызды»,- деді Н.Назарбаев.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале