20.07.2015, 19:34
Оқылды: 22

Салтанат сарайы маңында кезекті «Домбыра-Пати» ұйымдастырылды

Dombira paty   Қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен домбыраның құлағында ойнайтындар мен өнерсүйер жастар қаламыздың жаңадан бой көтерген Салтанат сарайы маңында бас қосып, «Домбыра-Пати» өткізді.

Ұлттық өнерді ұлықтаған кеш барысын Ләззат Қажығалиева xалық әнімен ашса, Орақаев Бакар ағай шәкіртімен "Ерке сылқым" күйімен жалғады. Одан әрмен Фарxат Оразов, Асxат Оразов, Ернар Өмірәлі, Жасұлан мен Данияр сынды өнерпаздар өнерлерін ортаға салды.

Шараны тамашалауға облыс әкімі Н.Асқарұлы және қала әкімі А.Көлгінов орынбасарларымен келді. Елге танымал дәулескер күйшілер Нұржан Сертеков пен ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ермек Қазиев ағаларымыздың орындалған ән-күйлердің шығу тарихы туралы тамаша әңгімелерімен кезекті «Домбыра-Пати» өз мәресіне жетті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале