9.10.2015, 14:11
Оқылды: 15

Салық заңнамасында өзгерістер көп

Brifing salik jarnamasinda ozgerister kop   Биыл жеке кәсіпкерлік субъекттілерін жабудың оңайлатылған тәртібі қолданысқа енгізілді. Алайда өңіріміздегі бір де бір кәсіпкер мұндай мүмкіндікті пайдаланбаған. Бұл туралы және алдағы уақытта салық кодексіне енгізілетін өзгерістер жөнінде БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында өткен брифингте кеңінен сөз болды.

Департаменттің аудит басқармасының басшысы Асылбек Қалменовтың айтуынша, салықтық тексерістерге қатысты салық заңнамасына өзгерістер енгізілген. Өткен аптада ҚР Парламенті депутаттары бірінші оқылымдасалық салу және кедендік әкімшіліктендіруге қатысты мәселелер бойынша кейбір заң актілеріне түзетулер енгізуді мақұлдады. Ондағы мақсат - салықтық және кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіруді салық және кедендік жүйенің кіріктіру жолымен жақсарту. Әдеттегі жоспарлы тексерістер іріктеп тексерумен ауыстырылған. Бұрын кәсіпкерлер кәсіпорынды  ашу оңай, жабу қиын деп шағым айтатын, биылғы жылдан бастап қосымша құн салығын төлейтін заңды тұлға және жеке кәсіпкерлерге шағын кәсіпкерлік нысандарын жабу тәртібі жеңілдетілді.

Биылдан бастап шаруа қожалықтарына салық салуда өзгерістер болды. Жыл басынан бері шаруа, фермерлік шаруашылықтарға арнайы салық режимін қолдану үшін тиісті шарттар ұсынылады: біздің өңір үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 3500 гектардан аспауы тиіс. 2016 жылдан бастап ауыл шаруашылығы, аквамәдени өнімдерін өсіру(балық шаруашылығы) өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтары арнайы салықтық режимін қолдану мүмкіндігі ұсынылады. Арнайы салықтық режим бойынша корпоративтік, жеке табыс, қосымша құн, әлеуметтік, мүлік , көлік салығы шамасын 70 пайызға төмендету қарастырылған. Мұндай өзгерістер салық салудың жалпы бекітілген тәртібіне көшкен шаруа, фермерлік шаруашылықтарға  қазіргі уақыттың өзінде кейбір салық түрлері бойынша 70 пайыздық жеңілдіктерді пайдаланатын заңды тұлғалар-ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен тепе-тең жағдай туғызады.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале