3.07.2015, 13:05
Оқылды: 36

Саябақтағы библиокеруен

Akjayik biblio keruen Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевтағы Жұбан Молдағалиев атындағы саябақта аудандық кітапхана қызметкерлері «Еуразия жүрегіндегі мегаполис» атты библиокеруен ұйымдастырды. Ару Астанамыздың туған күніне арналған бұл айтулы шарада жиналған қалың көпшілікке, қыз-жігіттерге, сәбилерге жас тәуелсіз еліміздің елордасы жайында нақты деректермен кеңінен әңгімеленді. Ауыл түлектері – студенттер Нұрбек Құмарғалиев (Л.Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық университеті), Қайсар Биғали (М.Өтемісов атындағы БҚМУ), Ернар Мұхамбет (Құрманғазы атындағы саз колледжі) жиналғандарды мерекемен құттықтап, жыр оқыды. Чапаевтық «Гүлдерайым» әжелер ансамблі ескірмейтін есті әндерді орындап, жиналғандардың құлақ құрышын қандырды.

Ақжайық балалар саз мектебі фольклорлық  ансамблінің орындауында күйлер күмбірледі.

Елорданың жарқын жетістіктері және ажары-айбыны келіскен ғимараттарының суреттері топтастырылған «Астанам – айбынды Ақордам!» кітап көрмесін көпшілік асқан қызығушылықпен тамашалады. Балаларға бас қаланың тарихы туралы викториналық сұрақтар жауап берді, оларға сыйлықтар тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале