17.06.2016, 18:26
Оқылды: 39

Селебе ме, семсер ме?

Selebe me Semser me    Әлімсақтан Алшағыр ханға шаһар болған, баһадүр Бөкенбайдың кіндік қаны тамған Аққұм жері сырға да, жырға да толы. Осы жердің  тұрғыны сегізсайлық Нұрболат Кенжебаев бала кезінен  тарихы терең Аққұмнан көне жәдігер тапсам деп армандайды екен. Сол балалық арманы жүзеге асып шағын қылышты тауып алыпты. Көзге кішкентай көрінгенімен қылыш әжептуір ауыр екен. Қатты металдан соғылған қылыштың жүзі лыпып тұр. Әрі өткір. Сабының әшекейлі бедері табылмаса да, орнына қарап кезінде әдемі дүние болғанын аңғару қиын емес.


   -Талай адамдар келіп  "сатсайшы" деп қолқалады, бірақ бермедім. Үйімде тұра берсін, ата-баба көзі ғой. Бесікті аластап, бала шошымас үшін басына қойып, тәй-тәй басқан балақайдың тұсауын да осы қылышпен кесіп келеміз,-дейді Нұрболат.

   Алшағырдың нөкерінің қаруы ма, Бөкенбайдың сарбазының қылышы ма, әлде Ұлы Жібек жолымен өткен керуеншілерден қалған көне дүние ме, әйтеуір ескінің көзі болып Нұрболаттың үйінің төрінде жарқырап тұр.

www.zhaikpress.kz
Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале