29.05.2015, 17:55
Оқылды: 23

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті облысымызда көшпелі отырыс өткізді

Zenit Senatorlar29 мамырда Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңды іске асыру мәселелері бойынша Орал қаласында көшпелі отырыс өткізді.

Шараға Сенат депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен жауынгерлері, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қатысты.

Көшпелі отырыс аясында депутаттар қорғаныс өнеркәсібінің құрылымына кіретін «Оралдағы «Зенит» зауыты» АҚ қызметімен танысты. Бұл мекеменің негізгі міндеті еліміздің Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі үшін шағын кемелер мен кемелер жасау жөніндегі мемлекеттік қорғаныс саласының тапсырыстарын қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ депутаттар «Погодаево» шекара заставасының қызметімен танысып, «Сырым авто» шекара бақылау бөлімінде және 2029 әскери бөлімде болды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары И.Стексовтың сөз сөйлеп, атқарушы биліктің жергілікті органдарының, шекара қызметінің және басқа да мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылындағы мәселелер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңның тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге және қазіргі кездегі міндеттерді шешуге арналғанын атап өтті.

Өзекті мәселелерді талқылау барысында депутаттар автомобильдер өтетін бекеттерді көркейтуге (қозғалыс жолақтарын кеңейту, жолды күрделі жөндеу, атап айтқанда «Сырым авто» өткізу бекеті және Батыс Қазақстандағы басқа да өткізу бекеттері) байланысты шекара инфрақұрылымы нысандарына жер телімдерін беру мәселелері шешуді талап ететін атап өтті.

Отырысты қорытындылай келіп, комитет төрағасы И.Адырбеков «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңды іске асыру қарқынын бесеңдетуге болмайтынын, оған қоса айтылған өзекті мәселелер мейлінше шешілуі тиіс екенін атап өтті. Бұл тек ҰҚК Шекара қызметінің ғана емес, жергілікті атқарушы органдардың және министрліктер мен басқа да құзыретті органдардың міндеті.

www.zhaikpress.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале