18.08.2016, 19:42
Оқылды: 25

Спорт алаңына сән кірді

ZH-350x350   Теректі ауданы Подстепный ауылында орналасқан іргелі ұжым «Жайықгидрогеология» ЖШС басшысы Бисен Даумов ауылдағы балалар ойнайтын 3 алаңды ретке келтіріп, футбол алаңқайларына  қақпалар орнатып берді.

   Мұндай игі істі қолға алған кәсіпорын директоры болашақ спорт саңлақтарына жақсы жағдай жасауға жәрдемдесті деуге толық негіз бар. Серіктестік басшысының сауапты әрекетін редакция ұжымына «Теректі» спорт клубының директоры Баймолла Кувашев жеткізді.


   -Ауылда қараусыз жатқан үш футбол алаңы бар еді. Балалар кешкісін сол алаңдарға барып, өздері доп қуатын. Алаңдардың жағдайы нашар болса да, ауыл жеткіншектері қолдан қақпа жасап, әйтеуір спортқа деген махаббатары арқасында,  сыпайы айтқанда, «өлместің күнін» кешіп жүрген. Осындай жағдайларды құлақ естіп, көз көріп шыдай алмадым. Кәсіпорынға бас сұққанда мені Т.Хусаинов және Т.Курмалаев сынды азаматтар қарсылап, базынамды мұқият тыңдады. Аталмыш мәселені басшылыққа жеткізетіндіктеріне  уәде берді. Міне, сол уәде орындалып, өте жақсы іс жасалынды. Балалардың қуанышында шек жоқ. Жақындап қалған спорт мерекесіне бұл керемет сый болды деп айта аламын. «Жайықгидрогеология» ЖШС-не, жекелей, серіктестік басшысы Бисен Ғайнушұлына алғысымды білдіремін,- деді өз сөзінде клуб директоры.

   Осылай жасылынған кішкентай ғана жақсылық көп адамның қуанышына себепкер болды. Енді, жас спортшылар салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздің байрағын көкте желбіретеді деп сенеміз. Себебі, қазіргі таңда Риода алтыннан алқа таққан жерлестеріміз алғашқы қадамдарын ауылда бастағандары  ақиқат.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале