26.07.2016, 11:41
Оқылды: 26

Спорт ардагерлері Өскеменге аттанады

спорт ЖаңақалаҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған БҚО спорт ардагерлерінің  ІІІ спартакиадасы өтті.


Төрт жылда бір өтетін спортакаиадаға Орал қаласымен қоса облысымыздың 12 ауданынан 900-ге тарта ардагер спортшылар қатысты. Шеберлік пен тәжірибе додаға түскен сайыста Жаңақала ауданының  командасы  13 команданын арасынан тоғыз құмалақтан бірінші орынды, президенттік көп сайыс пен жүзуден  екінші орынды,  дойбыдан үшінші орынды қанжығаларына байлап, командалық есепте жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл 2012 жылы өткен спортакиадада 7 орынға табан тіреген командамыз үшін өте жақсы жетістік деп білеміз.

35 жастан жоғары әйелдер және 40 жастан жоғары  ерлер арасында спорттың 13 түрінен сайысқа түскен  жерлестеріміз  жекелей өнер көрсетуден 5 алтын, 9 күміс, 8 қола медальды жеңіп алды. Сондай-ақ, І орынды жеңіп алып, жеңіс тұғырынан көрінген   жерлес спортшыларымыз  А.Губайдуллин (гір көтеру), А.Жексенова (қол күші), Э.Әлмұқанов (Жүзу),  А.Жексенова (жүзу) және Қ.Карина (тоғыз құмалақ)  16 шілде күні Өскемен қаласында өтетін Республикалық спортакиадаға жолдама алды.

  • Жастарға үлгі бола отырып, аудан намысын жерге жықпаған ардагер спортшыларға, соның ішінде жастарының ұлғайғанына қарамастан спортты жандарына жақын ұстайтын ардагерлер Талап Ақсанов, Сагит Мирманов, Болат Қаратаев, Мақсот Нүрекешов, Мақтым Хамзина,  Асия Мусина, Қайрат Мұратов және аудан спортының намысын қорғап келген барша спортшыларға  ризашылығымыз шексіз. Сонымен қоса спортакиадаға белсене қатысып, үлкен қолдау білдірген Жаңақала колледжі ұжымы мен басшысына және команда жасақтауға зор үлес қосқан Ж.Есекеновке, М.Есмағұловқа, Е.Бисекешовқа, С.Манкаеваға алғыс білдіреміз,- дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Қ.Қабдолов.

Ендеше, Өскемен қаласында өтетін республикалық спортакиадада облыс намыс қорғауға атанатын жерлес аға-апаларымызға сәттілік тілейміз!

Н.ҒАББАС
Жаңақала ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале