12.04.2016, 17:13
Оқылды: 31

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бәрімізге міндет

korrupcia    Бүгін Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

         Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайруллин мен бас маман Ерік Төлепқалиев  әртүрлі салада қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметкерлерге жаңа заңдағы өзгерістер турасында лекциялар оқыды.


         Атап айтар болсақ, қазіргі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» - «Ұлт жоспарына»  сәйкес,  еліміздегі 59 заң қайта қабылданып, кейбіріне өзгерістер енгізілді.  Ал 2014 жылы  26 желтоқсанда «ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы»  қабылданған болатын. Осы стратегия аясында көптеген міндеттер қойылып, мақсаты қоғамды сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға шақырып, бірігіп күш жұмылдыруға негізделген. Бүгінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы жойылып,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы күшіне енген болатын.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале