4.11.2016, 14:52
Оқылды: 74

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы тағайындалды

%d0%ba%d0%be%d0%b6%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев 1974 жылы туған, білімі жоғары, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттк университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

М.А. Қожабаев 1997-2008 жылдар аралығында прокуратураның басшылық лауазымдарында қызмет еткен.

2008-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болды.

2009-2011 жылдар аралығында Алматы қаласы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарды.

2011-2012 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болды.

2012-2014 жылдар аралығында Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы болды.

2014-2016 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.

Мақсат Аманқұлұлы Қожабаевтың құқық қорғау жүйесінде, мемлекеттік қызметте, басшылық жұмыс тәжірибесі, ұйымдастырушылық қабілеті бар.

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале