25.11.2015, 12:23
Оқылды: 21

«Сыбағадан» құр қалмауда

Janibek sibagadan kyr kalmauda   Жәнібек ауданындағы шаруа қожалықтары елімізде жүзеге асып жатырған «Сыбаға» бағдарламасына ынта қойып, белсенділікпен атсалысуда. Аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының бізге берген мәліметіне сәйкес аталмыш бағдарлама бойынша үстіміздегі жылдың он айында 3 шаруа қожалығы 34400 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, 10 бас асыл тұқымды бұқа және 170 бас аналық мал сатып алған.


Сондай-ақ бір шаруа қожалығы 8,5 миллион теңге несие алу үшін құжаттарын қамдауда. Жалпылай алғанда, 2011 жылдан бері осы бағдарлама арқылы аудандағы 30 шаруа қожалығы 220 миллион теңге несие алып, 40 бас асыл тұқымды бұқа мен 850 бас аналық малға ие болды.

www.zhaikpress.kz

Жәнібек ауданы

         Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале