2.12.2015, 11:08
Оқылды: 15

Сырымдық «Қарақұдық» шаруа қожалығы Ресей Федерациясынан 95 бас аналық асыл тұқымды ірі қара алып келді

Sirim jetikol   Сырым ауданындағы «Қарақұдық» шаруа қожалығы былтыр өз қаражаты есебінен Ресей Федерациясының Орынбор облысы жағынан 95 бас аналық асыл тұқымды ірі қара алып келді.


 

Оның 45 – і қашар, ал 50 – і құнажын. 2014 жылдың қарашасында келген ірі қаралар жайылымдық маусымға үлгермеді, сондықтан бірден қыстаққа қоныстандырылды.  Жаз шыға қожалыққа Астана қаласынан маман алдырылды. Осы маманның жетекшілігімен қожалықта 1 ай бойына қолдан ұрықтандыру жұмыстары жасалды. Биыл жаңағы асыл тұқымды 95 бас аналық ірі - қарадан 45 бұзау алынды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале