Сырым ауданындағы «Қарақұдық» шаруа қожалығы былтыр өз қаражаты есебінен Ресей Федерациясының Орынбор облысы жағынан 95 бас аналық асыл тұқымды ірі қара алып келді.
Оның 45 – і қашар, ал 50 – і құнажын. 2014 жылдың қарашасында келген ірі қаралар жайылымдық маусымға үлгермеді, сондықтан бірден қыстаққа қоныстандырылды. Жаз шыға қожалыққа Астана қаласынан маман алдырылды. Осы маманның жетекшілігімен қожалықта 1 ай бойына қолдан ұрықтандыру жұмыстары жасалды. Биыл жаңағы асыл тұқымды 95 бас аналық ірі - қарадан 45 бұзау алынды.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ
Сырым ауданы