7.05.2024, 17:40
Оқылды: 30

Жалпақталда мерекелік концерт өтті

Жалпақтал мәдениет үйінде еңселі еліміз үшін ерекше күн болып саналатын 7 мамыр — Қазақстан қарулы күштері мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған «Біз Мәңгілік ел Ұландарымыз» атты мерекелік концерт өтті.

20240506_162954

Өңірімізге кеңінен танымал ардагер өнерпаз Ахмет Ескендіров жетекшілік ететін «Назқоңыр» фольклорлық ансамблі мен осы ансамблдің сүйемелдеуімен жеке дауыста ән айтқан әнші Нұрхат Жалмұханов сахна шымылдығын ашып, көрерменнің зор ілтипатына бөленді.

Мерекелік шарада құттықтау сөз алған ауыл әкімінің орынбасары Санжар Ғұбайдуллин егеменді елдің тыныштығы мен бейбітшілігін қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екенін айта келіп, ауылдастарына бақыт пен береке тіледі.

20240506_171947

Ал концерт барысында Шолпан Валериянқызы жетекшілік ететін «Гүлім» бишілер тобы «Бейбітшілік әлемі», «Кесе сылдыры», Шалқыма Елжанова «Қазағымның жігіттері», Динара Ғұмар «Көрұғлы», Донеділ Казиуллин «Қазақстаным», Асылхан Бултанов «Қайранда менің Еділім», Гүлмира Серғазиева «Шығыстың қос  жұлдызы», Гаяз Мазгутов «Не плачь», Мәдениет үйі әншілер қыздарының орындауында «Попурри» әндері мен әнші Ерлан Аманжолов «Алға қазақ жігіттері» әнін шырқап, зал көрермендерін қунанышқа бөледі.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале