7.05.2024, 15:24
Оқылды: 26

Ұлы Жеңіс күніне орай Жаңақалада мерекелік концерт өтті

Ел тыныштығын күзеткен Отан қорғаушылар күні мен ерліктің отын маздатқан Ұлы Жеңіс күні де таяп келеді. Бұл – сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мейрам.  Мәртебелі мереке саналатын айтулы күнге орай бүгін Жаңақала мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Ерлік пен қайсар рухтың жеңісі» атты мерекелік концерт өтті.

21c44df1-70cb-496e-acd3-4820a8373c23

Салтанатты шарада 51809В әскери бөлімше сарбаздары ҚР Мемлекеттік Туын енгізіп, мемлекеттік Гимн орындалды. Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев құттықтау сөз сөйлеп, марапаттау рәсімін өткізді.

8e947fdd-a8d8-4a17-a9e6-d2c52d3b3ea4

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек табыс етілді. Әрі қарай аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарының сазды сәлемдемелерінен жиналған қауым бір серпіліп қалды. Аталмыш әскери бөлімше сарбаздары жанды дауыста «Мен қазақпын», «Ән сал, сарбаз» әндерін орындап, ерекше қошеметке бөленсе, Ербол Нұржанұлы мен Анита Қанатқызы оқыған көркемсөздер жиынтығы көрермен жүрегіне жол тартты. Шара соңында Қуанышбек Айдарбеков, Махамбет Нұрахметов, Жанболат Мұсағалиев, Ербол Нұржанұлының орындауында «Қазақстан қыран далам» әні шырқалып, жиналған халық естелік суреттерге түсіп, көңілді тарқасты.

65f14a7b-159f-40ca-8e00-efde252e22b2

Бұл күнді мәңгілік есте сақтау, Отанды сүю, елдің, жердің адал перзенті болу – біздің азаматтық парызымыз. Ашық аспан астында бейбіт таңдарымыз ата берсін, қазақ елі!

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале