7.05.2024, 14:13
Оқылды: 22

"Үздік ауыл" әкімі қызметін облыс орталығында жалғастырмақ 

Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметовты басқа қызметке ауысуына байланысты шығарып салды.

image-06-05-24-04-53-2 (1)

Айта кету керек, округ әкімінен бұрын ауданға қарасты бірқатар бөлімдерде басшылық қызметтер атқарған Жаннұр Бекбауұлының жұмыс тәжірибесі мол.

2021 жылы Республика бойынша алғашқы ауыл әкімдерінің сайлауы болған болатын. Сол ауыл әкімдерінің сайлауында Жаннұр Бекбауұлы жеңіске жетіп, осы күнге дейін жемісті еңбек етті.

Ауыл үшін атқарған қызметіне халқы оң бағасын беруде. Сол уақыт ішінде Ақсуат ауылы аудан бойынша «Ең үздік ауыл» атанса, әкімі Жаннұр Бекбауұлы Республика бойынша «Үздік мемлекеттік қызметші» атанды.

Жиынға қатысқан аудан басшысы Әлия Биғазықызы өз алғысын білдіріп, «ақ жол» тіледі.

Өз кезегінде сөз алған Жаннұр Ахметов:

- Осы үш жыл ішінде атқарылған жұмыстарға қолдау білдірген аудан басшылығына, әріптестеріме, округте орналасқан барлық мекеме, кәсіпорын ұжымдарына ризашылығымды білдіремін. Маған сенім білдірген барша округ тұрғындарына алғыс айтамын. Мен мүмкіндігімше ауданға шын ықыласпен қызмет еттім. Қандай жағдайда да халық ортасында болуға тырыстым.

Ақсуат ауылдық округі әкімі қызметі маған көп тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

Ақсуатқа келгелі жаныма жақын, әр ісіме жанашыр аға буынды көп көрдім. Менің ең үлкен бақытым сол дер едім, - деді өз сөзінде.

InShot_20240507_001706150

Енді Жаннұр Бекбауұлы қызметін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасында, этносаясат және азаматтық қоғамды дамыту бөлімінің басшысы ретінде жалғастырмақ.

Жауһар Нұрым, 

Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале