7.05.2024, 14:11
Оқылды: 31

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысына жоғары әскери шен берілді

6 мамыр күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру рәсімі өткізілді. Аталмыш рәсім барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Қазкеев Бекайдар Маратұлына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «генерал-майор» жоғары әскери шені берілді.

InShot_20240507_140356014

Рәсім барысында Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы жеңістің 79 жылдығымен құттықтап, ел қауіпсіздігіне қосқан үлестеріне алғысын білдірді.

IMG-20240507-WA0059

«Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың қалқаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Олар қай кезде де отанымызды қорғауға дайын. Ерлік майданда ғана жасалмайды. Ерліккке бейбіт заманда да орын бар. Елге қатер төнген сәтте сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Ұлттық ұлан, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы антқа адал болу үлгісін көрсетті - деді Президент.

IMG-20240507-WA0060Суреттер Ақорда сайтынан алынды

Сонымен қатар, Президент генералдар мен офицерлердің бүгінгі алған ендері олардың еңбектерінің жемісі екендігін атап өтті.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік

қолбасшылығының

баспасөз қызметі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале