17.06.2016, 18:21
Оқылды: 34

Сырымға облыстық діни-ақпараттық түсіндіру тобы келді

Oblistik dini akparattik tysindiru tobi keldi   Сырым ауданы орталығында БҚО діни-ақпараттық түсіндіру тобымен жиын өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары, аудандық діни ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі А.Сарқұлов,  Дін істері басқармасының  бөлім басшысы, топ жетекшісі Саялбек Ғиззатов, Дін істері басқармасының  Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бауыржан Қожагелдиев, Орал қаласының мешітінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Нәдір Абдукаев, Батыс Қазақстан облысының аға прокуроры Бақтығали Ниязов,  аудандық ақпараттық түсіндіру тобы, мекеме басшылары қатысты.


   Жиын барысында облыстық діни ақпараттық түсіндіру тобы дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діннің ара жігін түсіндіріп, дінбұзарлардың жолын кесуге қатысты қандай ұсыныс-пікірлер барын сұрады.

  Түстен кейін  облыстық діни ақпараттық түсіндіру тобы «Нұр Отанның» мәжіліс залында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Жиынға аудан прокуроры Мейірхан Изимов, аудандық ішкі істер бөлімінің  бастығы Арман Әлмұханов көкейлеріндегі пкірілерін ортаға салды.

   Кешкісін ақпараттық-түсіндіру тобы аудандық орталық мешітте жамағатпен кездесті.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале