18.12.2015, 18:22
Оқылды: 34

Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінде жаңа нысанның салтанатты ашылу шарасы оздырылды

Sirim ashilui   ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінің орталығы Қосарал ауылында жергілікті спортсүйер бұқараның игілігіне жаңа нысан пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылу шарасына аудан басшысы Абат Шыныбеков қатысып, ауыл тұрғындарын мемлекеттік мейраммен құттықтады.


 «Қайсар» спорт клубы Жетікөл ауылдық округінің филиалы орналасқан жаңа ғимаратта әдіскерлерге арналған бөлме мен киім ауыстыратын орын және кішігірім спорттық зал бар. Спорттық зал шағын спорт сайыстарын өткізуге өте ыңғайлы.

Күрделі жөндеу көргенге дейін бұл ғимарат қаңырап бос тұрған еді. Жаңағы жұмыстар «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Біздің ауыл» жобасы аясында жүзеге асып отыр.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале