14.11.2016, 11:34
Оқылды: 76

Сәлемдесу білесіз бе?

%d1%81%d1%96%d0%b7-%d1%81%d3%99%d0%bb%d0%b5%d0%bc%d0%b4%d0%b5%d1%81%d0%b5-%d0%b1%d1%96%d0%bb%d0%b5%d1%81%d1%96%d0%b7-%d0%b1%d0%b5   Ұлдар «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем берсе, қыздар тіке қарамай, бір қырындап, тізесін сәл бүгіп, ұяң ғана дауыспен, жанарын төмен түсіріп сәлемдесетін болған.

  Үйге кіріп келген адамды «Сәлемші болсаң, төрге шық» деп құрметтеуі де тегін емес. Ашық-жарқын сәлемін беріп, шынайы ниетімен келген мейманға халқымыз әр кез төрден ұсынып, айырықша құрметтеген.


   Адамның адамгершілігі, тәрбиелігі оның берген сәлемінен белгілі.

 Қазталов аудандық жастар демалыс орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 21 қараша – Бүкіләлемдік сәлемдесу күніне орай «Сәлем – сөздің анасы» атты ой-толғау, пікір алмасу шарасы өтті.

Шараға ауыл ақсақалдары, мекеме, қоғамдық ұйым қызметкерлері қатысты.

Шараны жүргізген жастар демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллина сәлемдесу тарихына сыр шертетін және сәлемдесу мәдениеті арқылы ұрпақ тәрбиесіне ықпал ету жолдары туралы қызықты баяндама жасады.

Шараға қатысқан қонақтар: "Күні бүгінге дейін ауылды жерлерде бейтаныс адамдардың өзі бір-бірімен амандасып, «жол болсын» айтып жатады. Жастардың арасында да үлкендерге сәлем беру жақсы қалыптасып келеді. Кейде қалада жүріп-ақ көзіне көзің тура түскен адамға үндемей өте шықсаң, өзіңнен-өзің біртүрлі қысылып, ыңғайсызданып қалатын кезің болады. Негізі, сәлемдесу қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі болып саналады. Сондықтан осы құндылықтарымыздан айырылмайық,-деген ой-пікірлерін ортаға салды.

Шара соңында аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашты.

«Сәлем – сөздің анасы», « Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» дейді дана қазақ. Ендеше, әлеміңізді түзегіңіз келсе, асыл сөздің анасы – «сәлеміңіз» қашанда түзу болсын!

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале