9.10.2015, 13:09
Оқылды: 20

Сұйытылған отын тапшы емес

Syitilgan otin tapshi emes    Өңірімізде қат бола бастаған сұйытылған газ мәселесі оң шешілді. Орал қаласындағы «Тәуекел» ЖШС-ның Халыққа қызмет көрсету орталығы ауданындағы сұйытылған газбен жұмыс істейтін көліктерге арналған стансасында талонмен сатылып жатқан газ еркін саттыққа шығарылды. 
Станса басына келген облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бауыржан Талдықбаев журналистерге газға қатысты жағдайдың түзелгенін жеткізді. - Сұйытылған газ тапшылығы түйткілі бүгінде шешілді. Ақтөбе қаласындағы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның өндіретін газы бірінші кезекте біздің өңірге бағытталған және сұйытылған газ тиелген жүк вагондары облыс аумағына жақындап қалды. Бірақ, бұған қарамастан облыстағы көліктерге газ құятын стансалардағы талондармен және келісімшарт тық міндеттемелер бойынша босатылатын газ қорын еркін саттыққа шығару жөнінде келісілген болатын,- деді Бауыржан Талдықбаев.

Оның айтуынша, қазанның 7-сінде Ақтөбеден 128 тонна сұйық газ тиеген 4 вагон жолға шыққан. Екі вагондағы 64 тонна отын «Алау» ЖШС-ға, қалған екі вагондағысы «Тәуекел» ЖШС-ға арналған. Жалпы Ақтөбеден 550 тонна, 20 қазаннан кейін Атырау облысынан 250 тонна газ жеткізіледі. «Облыстың айына 800 тонна сұйытылған газ пайдаланатынын ескерсек, ендігі жерде отын тапшылығы мәселесі туындамайды»,- деп сендірді Б. Талдықбаев. Сұйытылған газ литрі 39 теңгеден сатылуда. Алдағы уақытта да баға өзгеріссіз қалады.

Басқарма басшысының айтуынша, отынның уақытша жетіспеушілігі облысты сұйытылған газбен қамтамасыз ететін «Жайықмұнай» компаниясының қондырғысының жұмысын уақытша тоқтауына, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның магистралдық газ құбырындағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты орын алған.

www.zhaikpress.kz
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА
«
Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале