29.10.2015, 11:31
Оқылды: 23

Сәуленің қамқорлығы

саулеЖәнібек ауданындағы Тау ауылдық округінде әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасының балаларына көмек қолын созып, демеушілік көрсететін кәсіпкерлер көбейіп келеді. Солардың қатарында осы ауылда туып, өсіп, бүгінде кәсіпкерлікпен айналысатын Сәуле Өзенбаева да бар.

Шағын кәсіпкерлікті емін-еркін, тез меңгеріп кеткен оның мінезі ашық, қолы жомарт. Көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге әрдайым әзір тұрады. Ол, әсіресе, жас жеткіншектердің сапалы білім алуына жыл сайын атсалысуда. Биыл да сол дағдысынан жаңылмай, ауылдағы үйден оқитын 3-сынып оқушысы Расул Досетовке 8600 теңге мөлшеріндегі қаржыға оқу-құралдары мен киім-кешек алып берді. Расул мен оның ата-анасы кәсіпкердің  тартуына разы болып, алғыс білдірді.

         www.zhaikpress.kz

                                                                                         Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале