4.04.2016, 11:36
Оқылды: 36

Сәуір айындағы облыс аумағындағы ауа райына байланысты «Қазгидрометтің» мәліметін ұсынамыз

koktem      Осы айдағы ауаның орташа температурасы +6 +11˚С шамасында жылы болады деп күтілуде.

     Айдың алғашқы онкүндігінде ауа температурасы түнде +10-15 ˚С-қа дейін, кей жерлерде +5 ˚С-қа дейін, енді бір жерлерде +0-5 ˚С-қа  дейін жылы болса, кей жерлерде +5˚С-қа дейін суытып, ауаның біртіндеп жоғарылауы байқалады. Ал күндізгі ауа температурасы +0-ден 5-ке дейін жылып, кей жерлерде +5 ˚С салқындықты, бірде +12-ден 17 дейін болса, кей жерлерде +7˚С жылылықты көрсетеді.


     Сәуір айының екінші онкүндігінде ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Түнде +0-ден +5-ке дейін жылы, кей жерлерде +5˚С салқын, 0-ден 5-ке дейін салқын болса, кей жерлерде +5 ˚С жылылықты көрсетеді. Ал күндіз +12-17 ˚С, кей жерлерде +7˚С жылы, +7-ден +12-дейін болса, кей жерлерде +17˚С жылы болады деп болжануда. Бұдан кейін ауа температурасы жоғарылап, түнде 9-дан 14˚С-қа дейін жылынып, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 ˚С жылы болады.

     Айдың үшінші жартысында ауа температурасы одан әрі жоғарылайды, түнде 14-19˚С, кей жерлерде 9 ˚С жылы, күндіз 20-25˚С, кей жерлерде 30˚С жылы болады. Онкүндіктің соңында ауа температурасы төмендеп, түнде 9-14˚С жылылықты, күндіз 15-20 ˚С, кей жерлерде 25 ˚С жылылықты көрсетеді.

   Сәуір айында облыс бойынша жауын-шашынның мөлшері қалыпты (қалыпты: 18-24 мм) болады деп күтілуде. Алғашқы онкүндікте  кей жерлерде қар жауып, қатты жел соғуы ықтимал. Ал екінші жартысында жаңбыр күтіліп, найзағай ойнаса, кей жерлерде бірінші онкүндіктің ортасында тұман түседі деп болжануда. Айдың алғашқы жартысының басында, екінші жартысының басы мен соңында батыстан соққан желдің күші 15-20м/с, үшінші онкүндіктің екінші жартысында солтүстік-шығыстан соққан желдің қуаты 15-20м/с құрайды деп күтілуде.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале