24.11.2015, 19:42
Оқылды: 35

Тазалық мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс

Karatobe tazalik maselesi Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында Орал қалалық дезинфекция орталығының маманы Зухра Волкова кеміргіштерді жою, зеңмен күресу, битшеңдікті емдеу, зиянкес жәндіктерді жою, гигиеналық оқыту, ауа-желдеткіштерді дезинфекциялау турасында кеңес берді.


- Бүйрек белгісі бар геморрагиялық қызба адамға кеміргіштер тобына жататын тышқандар арқылы жұғады. Ауру шаң-тозаң, тағам арқылы және де қарым-қатынас арқылы жұғады.

Жұқтырған уақытынан бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болу сатысы 10-30 күнге созылады. Сол себепті дәрігерге уақытылы қаралған жөн, - дейді арнайы маман З.Волкова

Аудандық орталық аурухананың дәрігер-эпидемиологі Анар Нұрмағанбетова, Қаратөбе мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Гүлнұр Тнәлиева ауа-желдеткіштерді дезинфекциялау, оқушының жеке бас гигиенасын сақтау бағытында сауалдар жолдап, тиісінше жауап ала білді.

Шараны аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының қызметкері Рысқали Исмурзин жүргізіп отырды.

Шараға аудандық орталық аурухананың арнайы мамандары, мектеп мейірбикелері, білім беру ұйымдарының шаруашылық меңгерушілері қатысып отырды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале