3.12.2015, 11:21
Оқылды: 96

Талғат Дарғожиев, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Sirim Talgat Nyrotan  «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасының Қазақстан халқына арнаған жаңа жолдауын партия филиалының ұжымы партия мүшелерімен бірге тыңдады. Кейін партия филиалының мәжіліс залында жолдауға байланысты шағын жиын өтті.

Бюлжеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалауы, Ұлттық қордағы қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау, жалпы алғанда мемлекет қазынасын үнемдеу – жаңа жолдауда баса айтылған мәселелердің бірі.

Елбасы еңбек адамдарын насихаттау, елді еңбекке жұмылдыру жайында жақсы әңгімелер қозғады. Саяси сөз желісінен гөрі Елбасы көп пікірді өзінің жеке тәжірибесі мен өмірлік тұжырымына салып айтты. Жолдаудың халықтың жүрегіне жылы тиетіні сондықтан. 


 

Ұлттық валютаға деген құрмет, қазақстандық тауарларды тұтыну сияқты Елбасы көтерген мәселелерді партия мүшелері осыған дейін де қолдап келді. «Нұр Отан» партиясы дербес мемлекеттің құндылықтарын қадірлеуді өзінің жұмысының алғышарты деп біледі. Отандық өнімдерді насихаттауға келсек, партия бұл шаруаға да мүдделі. Елбасы айтқандай, сапалы, ыңғайлы, әдемі әрі арзан отандық өнімдер – біздің мемлекеттің әлемдік импортқа тәуелділігін азайтады. Экономикалық ахуал теңселіп тұрған уақытта, тәуелсіз мемлекеттер осыны ғана қалап отыр.

Елбасы «Жұмыс қайнау керек!» деді. Партия филиалы өз тарапынан жолдаудың игілігін елге насихаттауға, жоспарлы жұмыстардың орындалуы үшін қызмет етуге дайын.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале